RU
Ресейлік арулар тікелей эфирге шығып тұрған журналист жігітті құшарлана сүйіп алды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ресейлік арулар тікелей эфирге шығып тұрған журналист жігітті құшарлана сүйіп алды

Рассказать Вконтакте

Ресейге әлем чемпионатынан тың ақпарат беру үшін келген тілші тікелей эфир кезінде ыңғайсыз жағдайға тап болды. Оқиға орнынан арнайы репортаж беріп тұрған журналисті екі ресейлік ару сүйіп алды. Бұл жағдайға күллі жапон халқы куә болған деп хабарлайды Medialeaks.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот
Source: UGC

Әлем чемпионатын өтіп жатқан жерден тікелей қосылымға шығып тұрған жігітті екі ресейлік ару ел көзінше сүйіп алды. Өз жұмысын жасап тұрған жігіт жағдайдың бұлай өрбіп кетерін күтпесе керек.

Орыс бойжеткендердің қылығы журналист жүзіне күлкі ұялатты. Жапон тілшісі тіпті, тікелей эфирде беті қызарып ұялып та қалған.

Желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі ресейлік арулардың бұл қылығына сүйсінсе, екіншілері бұл әрекеттен зорлық нышандарын көрген.

Айта кетейік, әлем чемпионатынан ақпарат таратып тұрған журналист қыздар да жанкүйерлер тарапынан жасалынған ұқсас жағдайларға тап болып тұрды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel