RU
Жамбыл облысында ішінде 27 жолаушысы бар автобус аударылып қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жамбыл облысында ішінде 27 жолаушысы бар автобус аударылып қалды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы тас жолдың "Алматы-Шымкент" бөлігінде ішінде 27 адам болған бар жолаушылар автобусы аударылып, бір адам қаза тапты деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: Today.kz

Иллюстрациялық фото: Today.kz

Агенттіктің мәліметінше, оқиға 1 шілде күні болған. Жамбыл облыстық ІІД өкілдерінің алдын ала мәліметтері бойынша, автобус дұрыс бұрылмай, қисайып барып, бір шетіне жатып қалған.

Апаттың салдарынан 27 жастағы қыз оқиға орнында мерт болған.

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға 26 адам денсаулығына шағым айтып келген. Олардың 23 адам медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылса, бір отбасының 3 мүшесі (ата-анасы мен қызы) Қордай аудандық орталық ауруханасының хирургия бөліміне жатқызылған.

Бүгінгі таңда олардың жағдайы тұрақты, орташа деңгейде деп бағалануда.

Қазір оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
4
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel