RU
Алматыда "Томирис" фильмінің продюсері жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда "Томирис" фильмінің продюсері жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

2 маусым күні Алматыда продюсер Анна Чакиртова із-түзсіз жоғалып кетті. Әйел адам үйінен ұялы телефонсыз шығып кеткен. Біраз уақыттан соң туғандарына бөтен нөмірден қоңырау шалған ол, содан кейін байланысқа шықпаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: facebook.com

Фото: facebook.com

Анна Чакиртова 2 маусым күні Қонаев пен Қабанбай көшелеріндегі үйінен сағат 9-10 мөлшерлерінде шығып кетіп, қайта оралмаған. Продюсер ұялы телефонын үйінде тастап кетті.

Келесі күні Анна Чакиртова бөтен нөмірден жақындарына қоңырау шалып, біртүрлі сөйлесіп тұтқаны қоя салды. Туғандарының айтуынша, ол ақырын әрі түсініксіз сөйлеген. Оның үстіне оның ар жағында ер адамдардың дауысы естілді.

Бұл қоңыраудан кейін әйел адам мүлде жоғалып кетті.

Фото: facebook.com/Ислам Угушев

Фото: facebook.com/Ислам Угушев

Анна 1976 жылы 14 мамырда туылған. Бойы - 168 сантиметр, денелі. Қоңырқай көзді, әдетте көзілдірік тағып жүреді.

Музыкант әрі композитор Әлім Заиров өзінің Facebook парақшасына жоғалып кеткен әйелдің видеосын жүктеген. Бейнежазбада продюсердің үстіне қандай киім кигенін көруге болады.

Анна Чакиртованы бір жерден көріп қалған болсаңыз, немесе ол жайлы қандай да бір ақпарат білсеңіз мына ұялы телефон нөміріне дереу хабарласуыңызды сұраймыз. +7 747 695 33 60 (Алан- ұлы), +7 707 252 61 00 (іздестіру тобы).

Анна Чакиртова "Томирис" филмінің түсірілімінде қызмет етіп жүрген.

Продюсердің қызмет еткен фильмдері арасында "Анаға апарар жол", "Қара шанырақ", "Рэкетир 2: Возмездие" және тағы да басқа кино-туындылар бар.

Сіздің реакцияңыз
2
3
0
6
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel