RU
Швецияда бір-бірінен рұқсат сұрамай төсек қатынасына барғандар төрт жылға сотталмақ
Жаңалықтар Әлемде

Швецияда бір-бірінен рұқсат сұрамай төсек қатынасына барғандар төрт жылға сотталмақ

Рассказать Вконтакте

1 шілдеден бастап Швецияда жыныстық қатынасқа түсу үшін заң жүзінде рұқсат алу туралы құжат күшіне енді. Енді екінші тараптың рұқсатынсыз төсек қатынасына барған жандар темір тордың ар жағына тоғытылатын болады деп хабарлайды rueconomics.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Швецияда бір-бірінен рұқсат сұрамай төсек қатынасына барғандар төрт жылға сотталмақ

Фото: Инфореактор

Заңға енді заңбұзушылықтың екі түрі енді. Бірі - "абайсызда зорлық жасау", екіншісі -"абайсызда төсек қатынасын жасауға итермелеу".

Қысқасы, егер төсек қатынасына екі тараптың бірі еріксіз барған болса, онда бұл заңсыз деп саналмақ.

Демек, заңды толықтай сақтау үшін екі тарап та оған өз келісімімен баруы керек. Ал егер екінші тарап құлықсыздық танытса, ол келісім деп есептелмейтін болады, деп түсіндірді полициядағылар.

Сонымен бірге, заңбұзушылық орын алған жағдайға, заң бұзған адам төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Швеция парламентіндегілер бұл сексуалдық зорлық-зомбылық санын азайтуға септігін тигізеді деген ойда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
1
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel