RU
Өзбекстан президенті Назарбаевтың ерекше қасиеттері туралы айтып берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Өзбекстан президенті Назарбаевтың ерекше қасиеттері туралы айтып берді

Рассказать Вконтакте

Шавкат Мирзиеев өзінің әріптесі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жөніндегі өз ой-пікірімен бөлісті. Өзбекстан басшысының сұқбаты президенттік телерадиокешеннің Instagram парақшасында жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz
Source: UGC

"Біріншіден, айта кетерлігі уақыт пен тағдыр маған Нұрсұлтан Әбішұлы секілді әлемдік деңгейдегі саяси қайраткермен тығыз жұмыс істеуді бұйырғанына қуаныштымын", - деп айтты Шавкат Миризиеев.

Ол елбасын үнемі белсенді даму үстінде жүретін және өзгерістерге бағытталған адам ретінде санайтынын айтты.

"Ол өмір бойы өзін нағыз реформа жасаушы ретінде танытып келеді. Тәуелсіздік жылдары кезінде Қазақстанның бағындырған деңгейі мен елеулі өзгерістеріне қарап көріңізші", - деді өзбек басшысы.

Шавкат Мирзиеевтің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың қол жеткізген басты жетістігі - елдегі бебйіт өмір. Өзбекстан президенті көптеген елдер Қазақстанның дамуында бағындырған шыңдарына қарап тамсанатынын айтып жеткізді.

"Маған онымен жұмыс істеу өте қолайлы. Менің онымен сөйлесуім де жайлы. Біздің әрбір кездесуіміздің өзіндік мәні бар. Оның тағы да бір ерекше қасиеті Нұрсұлтан Әбішұлы өз командасына ерекше ықыласпен қарайды. Ал ол топ өз кезегінде, көпшілік қарап сап түзейтін елбасының ойлары мен мақсаттарын іске асырып отырады" , - деп қортындылады саясаткер.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel