RU
"За себя не отвечаю": Мақпал Жүнісова жас жігіттермен дуэт айтуға неге қорқады?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"За себя не отвечаю": Мақпал Жүнісова жас жігіттермен дуэт айтуға неге қорқады?

Рассказать Вконтакте

Мақпал Жүнісова өнер әлемінің майталмандарының бірі. Солай бола тұра әнші жас жігіттермен дуэт айтудан қорқады. Ол үнемі бірге ән орындау арқылы әріптесіне ғашық болып қалудан сескенетінін жасырмады деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова. Фото: Altyn-orda.kz

Мақпал Жүнісова. Фото: Altyn-orda.kz

Әнші өзін-өзі қатты жақсы көретінін, сол себепті жас жігітті ұнатып, жүрегін ауыртқысы келмейтінін де мәлімдеді.

"Өнер адамдары сезімге берілгіш келеді. Жұптасып айтқан әншілермен тым жақын қарым-қатынаста болмау керек. Оларды қайта-қайта үйге шақырып, кездесіп жүрсең шынайы сезімге айналып кетуі мүмкін. Өйткені, біз де адамбыз.

Мен де үлкені бар жасы бар түрлі жігіттермен дуэт айтып жүрмін. Бірақ сахнада ғана образға берілуім мүмкін. Ал өмірде жақын араласпаймын. "За себя не отвечаю" дейді ме?

Мен ол жігітті ұнатып қалуым мүмкін. Мен ғашық болып қалуым мүмкін. Өзімді қатты жақсы көретін болғандықтан, жүрегімді ауыртқым келмейді. Сыртынан жақсы көріп жүргенім артық", - деп ағынан жарылды әнші.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
18
2
3
1
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel