Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нигериялық футболшы Аргентинамен ойын алдындағы сұмдық жайттың бетін ашты

Опубликовано:

Нигерия құрамасының капитаны Джон Оби Микел топтық кезеңнің ақтық ойыны алдында жаман хабар естіген. Футболшының әкесін белгісіз біреулер ұрлап кетіп, қомақты ақша талап еткен. Алайда, орын алған ауыр оқиға жайлы маңызды ойын алдында команда капитаны ешкімге тіс жармаған деп хабарлайды oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: oxu.az
Фото: oxu.az: UGC

Микел 26 маусым күні өткен Аргентина құрамасына қарсы ойын алдында әкесін ұрлап кеткен туралы хабар естіді. Топтық кезеңнің соңғы ойынына бет алып бара жатқан сәтінде құрама капитанына туысқаны хабарласып, әкесін ұрлап кеткендердің нөмірін берген.

Қылмыскерлер нигериялық футболшыдан қомақты қаржы талап етті.

"Олар біреуге айтатын болсам, әкемді ештеңеге қарамастан атып тастайтынын айтты. Сол себепті мәселені өз бетімше шешуді ұйғардым. Оның үстіне, алда маңызды ойын күтіп тұрды. Мен командам мен бапкерді бұл іске араластырғым келмеді", - деп айтты футболшы.

Кейін анықталғандай, Джон Оба Микел қылмыскерлерге 24 мың доллар көлемінде қаражат төлеп, әкесін босатып алған.

Айта кетейік, Нигерия Аргентина құрамасына 2:1 есебімен ұтылып қалды. Топтық кезең қорытындысы бойынша нигериялықтар үшінші орын алғандықтан келесі кезеңге өте алмай қалды.

Әлем чемпионаты 15 шілдеге дейін жалғаспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1740493-nigerialyk-futbolsy-argentinamen-ojyn-aldyndagy-smdyk-zajtty-betin-asty/

pixel