RU
Экс-министрдің 3 миллион долларын қолды еткендер cотталып кетті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Экс-министрдің 3 миллион долларын қолды еткендер cотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Алматыда туризм экс-министрі әрі Астананың бұрынғы әкімі болған Темірхан Досмұхамедовтың үйін тонап кеткені жөніндегі іс соңына жетті. Сот ұрлыққа қатысы бар үш ер азаматқа үкім шығарды деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ognialatau.kz

Фото: ognialatau.kz

Ауқымды тонау операциясына Азамат Жақып атты кәсіпкер мен оның көмекшілері Елдос Мағауянов пен Дидар Заденов қатысқан. Сот органы үшеуіне қатысты үкім шығарған.

Тергеудің мәліметінше, олар былтыр экс-министрдің Алматыдағы үйін тонап кеткен. Қылмыскерлер 3 миллион доллар, 50 мың еуро мен қымбат сағаттарды қолды етті.

Азамат Жақып пен Елдос Мағауянов 6 жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды. Олар орташа режиді түрмеге тоғытылмақ.

Дидар Заденов болса 7 жылын қауіпсіздігі жоғарғы деңгейдегі түрмеде өткізбек.

Оған қоса, сотталғандар мемлекетке екі миллион көлеміндегі баж салығын төлеп, зардап шеккен Досмұхамедовке 400 мың долларды қайтарып беруге міндетті.

Сотталғандардың қорғаушылары шыққан шешіммен келіспейтінін айтып, апелляцияға беруді көздеп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel