Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұлттардың ішінде жүрген адам бейнесі видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

АҚШ-тың Алабама штатында орналасқан Тускалус қаласының тұрғыны таңғажайып видео түсіріп алды. Онда бұлттардың ішінде жүріп бара жатқан адамның бейнесі нақты көрінген. Видео қалаға дауыл келмес бұрын түсіріліпті деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодағы скриншот.
Видеодағы скриншот.: UGC

Болған жайтты камераға түсірген ер адам табиғаттың тылсым күші жайлы айтып келе жатып, аспаннан жарық сұлбаны байқаған. Желі қолданушыларының көбі мұны Құдайдың белгісі деп ұғып, Исаға теңеген.

"Ей, мұнда бізде дауыл басталайын деп жатыр. Бізде жарық жоқ, жел қораптар мен ағаштарды да ұшыруда. Аспанға қараңыздаршы! Міне, кімде билік барын көріңіздер", - деді соло Доло.

Аңғарып қараған Соло аспан қабатында біреудің жүргенін көріп, желіде бөлісуге асыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1740506-blttardy-isinde-zrgen-adam-bejnesi-videoga-tsip-kaldy/

pixel