RU
Аты аңызға айналған қақпашы Неймарды аяусыз сынап тастады
Жаңалықтар

Аты аңызға айналған қақпашы Неймарды аяусыз сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Дания құрамасының бұрынғы қақпашысы Петер Шмейхель бразилиялық жұлдыздың алаңдағы әрекеттерін сөгіп тастады. Оның айтуынша, Неймар құлап қалса жаны шығып кетердей болып жата қалады деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған, NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

"Мен оның қылығын кәсіби футболшы үшін өте ұят деп қана айта аламын. Фифа бұл оқиғаларға қатысты шара қолдануы керек. Әлеуметтік желідегі жазылған пікірлердің басым көпшілігі Неймардың әрекетіне наразы болып шықты. Расымен, ол құлап қалғанда өліп қалардай болып көрінді" , - деп айтты Шмейхель.

Даниялық қақпашы футбол федерациясына Неймарға қатысты қолдануға болатын шараны ұсынды. Оның айтуынша, бразилиялық футболшыға алдымен ескерту жасап, өтірік құлап қалуды қоймаған жағдайда алаңнан қууға керек.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel