RU
Оралда бұрынғы шенеуніктің ұлы банкоматтан 8 млн теңге ұрлап кеткен
Жаңалықтар Саясат және экономика

Оралда бұрынғы шенеуніктің ұлы банкоматтан 8 млн теңге ұрлап кеткен

Рассказать Вконтакте

Орал қаласы әкім орынбасарының ұлы Игорь Дремасов екі банкоматты тонап, 8,2 млн теңге жымқырғаны үшін бес жылға сотталды деп хабарлайды uralskweek.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Игорь Дремасов. Сурет: uralskweek.kz

Игорь Дремасов. Сурет: uralskweek.kz
Source: UGC

Үшінші шілде күні Орал қаласының соты Игорь Дремасов, Антон Емельянов пен Дмитрий Зайкинді бес жылға бас бостандығынан айырды.

"2017 жылдың желтоқсанында Дремасов, Емельянов пен Зайкин Оралдағы азық-түлік дүкеніндегі "Каспий банктың" терминалын бұғаттаған. Қарақшылар терминалдан 5,1 млн теңгені қолды қылыпты. Келесі жылы тура осындай жолмен Қостанайда да қылмыс жасады. Ол кезде терминалдан 3,1 млн теңгені ұрлаған", - деді судья Варвара Дмитриенко.

Сотталған азаматтың үшеуі де кінәларын мойындап, процессуалды келісімді бекітті.

Банк өкілдері кінәлілер келтірілген зардапты толық өтеп бергендіктен процессуалды келісімге отырыпты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel