RU
"7-20-25": Қолжетімді баспана бағдарламасына серіктес болатын банктер анықталды
Жаңалықтар Саясат және экономика

"7-20-25": Қолжетімді баспана бағдарламасына серіктес болатын банктер анықталды

Рассказать Вконтакте

Қолжетімді ипотекалық баспана алу бағдарламасының серіктесі болуға жеті бірлестік қызығушылық білдірген. Жылдың соңына дейін олардың қатарына тағы да екі банк қосылуы мүмкін деп хабарлайды NUR.KZ.

ФОТО: NUR.KZ.

ФОТО: NUR.KZ.

"7-20-25" бағдарламасына серіктес болатын банктер қатарына мынадай бірлестіктер кірді: Банк Центркредит, Евразиялық банк, АТФ банк, Халық Банк, Цесна банк, RBK Bank, Құрылыс жинақ банкі.

Ұлттық банк өкілдерінің мәлімдеуінше, жыл соңына дейін бұл бағдарламаға Сбербанк пен Форте банк қосылады.

Данияр Ақышев қолжетімді баспана бағдарламасын іске қосу басталып кеткенін айтты. Оның айтуынша, екінші дәрежелі банктермен тиісті келісімшарттар жасалынған.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша үй алу үшін міндетті түрде өз баспанасы жоқ Қазақстан азаматы болу керек. Оған қоса, алғашқы салым алынғалы тұрған қарыздың 20%-ын құрауы керек. Жылдық төлем қосымша шығынсыз әрі коммиссиясыз 7%-ды құрамақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
1
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel