Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жылан мен тасбақадан дәрі жасайтын шымкенттік азамат туралы не білеміз?

Опубликовано:

Шымкент қаласының Бәйдібек ауданында жыланның 21 түрінен, кесіртке, тасбақа, улы шегірткеден дәрі жасайтын Орынбек есімді емші бар. Ол соңғы 25 жылдан бері бірнеше науқастарды аяққа тұрғызып, емдеп жүр екен деп хабарлайды zamana.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Zamana.kz
Көрнекі сурет: Zamana.kz: UGC

Қарияның жасы 63-те. Оған емделу үшін тек аудан көлемінде ғана емес, Алматы мен Астана қалаларынан да дертіне дауа іздеп келетінде де көп екен.

"Әдетте ем ретінде «атпажылан» мен «оқжылан», «қарашұбар», «көлбар жылан», яғни ел арасында «сарыжылан» атанған жорғалаушыны жиі пайдаланамын. Ал таптыра қалса, ешкіемер жыланы тіптен мың емге дауа. Негізі түрлі ауруларға шұбар жылан мен қара­шұбар жыланды да пайдалана беруге болады. Жылан аулаушылар 10 мың теңгеден жоғары тұратын қарашұбар, май жыланды табуға тырысады. Ал құны 35 мыңнан кем емес ешкіемерді қолға түсіру өте қиын. Бұл жақта көп кездескенімен, шапшаң қимылының арқасында бой тасалап үлгеретін ақылды жылан саналады", - дейді Орынбек емші.

Қарияның айтуынша, ол бір жыл ішінде 300-ге жуық жылан сатып алып, одан небәрі екі-үш ай көлемінде дәрі жасап, тауысып қояды. Осыдан-ақ науқастардың аз еместігін байқауға болады.

"Жайбасар тасбақа ақ қан (лейкемия) ауруына таптырмас ем саналады. Өмірден түңіліп, бойын қорқыныш билегендерге де тасбақа ерекше әсер етеді. Оны пісіріп болғанда дәмі тіл үйірер «мармелад» шығатынын естігендер сирек шығар. «Сол мармелад» бауыр дертіне керемет дәрі", - дейді емші.

Орынбек кірпінің көптеген жараларға, ал улы шегіртке теміреткі мен псориазға жақсы шипа болып табылатынын атап өтті.

Көрнекі сурет: zamana.kz
Көрнекі сурет: zamana.kz: UGC

Сондай-ақ, емшінің сөзінше, қыз-келіншектерге беттегі әжімді жыланның жұмыртқасымен де кетіруге болады екен.

Жергілікті тұрғындар да Орынбек емші жайлы да өз ойларымен бөлісті.

«Бұл кісінің бас ауруынан, асқазан жарасы, ұйқы безі қабынуынан, ба­уыр, бүйрек дерттерінен, бөртпе, аллергия түрлерінен, төсекке жіберіп қоятын энурезден сауықтырып, аяққа тұрғызғанын талай рет көрдік. Туған ағамның балаларының денесін бірінен соң бірі жара басып, абыржығаны бар еді. Үйдегі жақпаларды жағып көріп, болмаған соң Зиякеңе алып келді. Жыланды сойып, жылдам дәрі жасап, бауырларыма ішкізді. Олар содан жазылды, денелерінде жара атаулының ізі де қалмады», – дейді Ербол есімді тұрғын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740540-zylan-men-tasbakadan-dri-zasajtyn-symkenttik-azamat-turaly-ne-bilemiz/

pixel