RU
"+43": Астана күнінде елімізде ауа райы қандай болады?
Жаңалықтар Қоғам

"+43": Астана күнінде елімізде ауа райы қандай болады?

Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" РМК өкілдері мереке күндері яғни 5-8 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото : vistanews.ru

Фото : vistanews.ru

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің орталық, солтүстік, батыс облыстарында алдағы күндері жауын-шашынсыз ыстық ауа температурасы сақталады.

"Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарына батыс облыстарында болған аномальды ыстық ауа-райымен байланысты антициклон жылжыды. Сондықтан алдағы демалыс күндері солтүстік, орталық, оңтүстік және шығыс облыстарында ыстық және әсіресе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Солтүстік және шығыс облыстарда максималды температура плюс 30…38 градусқа дейін, орталық және орталық-шығыс облыстардың кей жер-лерінде плюс 40…43 градусқа дейін жоғарылайды.

Ал батыс облыстарға атмосфералық фронттар жылжып, соларға байланысты кей жерлерде найзағайлы және екпінді желді өткінші жаң-быр, сондай-ақ, күндіз ыстықтың 30…36 градусқа дейін әлсіреуі күтіледі, бірақ Маңғыстау облы-сында 40 градустық ыстық әлі де сақталады", - делінген синоптиктер хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel