Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Тарғын өзінің тағдырласы Абай Бегейді сынағандарды сабырға шақырды

Опубликовано:

Осыдан бірнеше күн бұрын екінші рет үйленген Абай Бегейдің жас қыз алғаны қоғамда қызу талқыға түсті. Әншінің әріптесі Асхат Тарғын Абайды сынаған көпшілікке жауап беріп, елді сабырға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Асхат Тарғын мен Абай Бегей. Фото-коллаж: NUR.KZ
Асхат Тарғын мен Абай Бегей. Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Асхат Тарғын былтыр өзінен 13 жас кіші аруға үйленгенде адамдардың талқысына түскенін жайып салды.

"Біз үйленгенде біраз адамдар жерден алып-жерге салып еді. Түсінемін, менің өмірбаянымды көбісі білмейді ғой. Мен бірінші жолдасыммен жараспай, он жыл бұрын ажырасқан болатынбыз. "Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан" дейді ғой.

Он жыл бойдақ жүріп, Әлиямен бас қостым. Аллаға шүкір, біз бақыттымыз. Алла бақытымызды ұзағынан қылғай. Сондықтан әр нәрсенің байыбына жетпей, ғайбат жазбаңыздаршы. Әр адам бақытты болуға тиіс", - деді әнші Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1740579-ashat-targyn-zini-tagdyrlasy-abaj-begejdi-synagandardy-sabyrga-sakyrdy/

pixel