RU
Шымкенттіктер аптап ыстықта асфальтқа жұмыртқа қуырып жүр (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттіктер аптап ыстықта асфальтқа жұмыртқа қуырып жүр (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік тапқыр тұрғын күннің қаншалықты ыстық екенін көрсету үшін ерекше тәжірибе жасап, оны Instagram әлеуметтік желісіне жүктеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жас жігіт үш жұмыртқа алып шығып, алдын ала май құйылған табаға жарып салады. Видеода майдың қызып тұрғаны көрінеді. Екі минут өтпей-ақ, жұмыртқа пісіп шыққан.

"Базар жоқ. Міне жұмыртқа қуырылып жатыр. Мәссәған. Енді тұз жетіспейді", — деп әзілдейді эксперимент авторы.

Айта кетейік, мұндай аптап ыстық Шымкентте ғана емес, Қазақстанның өзге де өңірлерінде байқалады.

Еліміздің қатты ыстық өңірлерінде жұртшылық "осылайша газды үнемдеуге болады" деп қалжыңдап жүр.

Қазгидромет мәліметтеріне сәйкес, Шымкентте температура +42 градусқа жеткен. Синоптиктердің болжауынша, шілде айында аптап ыстық күндер күтіп тұр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
5
3
2
3
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel