RU
Такси ақысын интимді қызметпен төлеген әйел "зорландым" деп шу шығарды
Жаңалықтар Әлемде

Такси ақысын интимді қызметпен төлеген әйел "зорландым" деп шу шығарды

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Омск қаласының тұрғыны жыныстық қатынасты зорлаумен "шатастырып" алып, полицияға шағым түсірген. 37 жастағы әйел лифтте зорлап, телефонымды ұрлап кетті деп айтыпты. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі сурет: АиФ Урал

Көрнекі сурет: АиФ Урал

Жүргізілген тексерістің барысында "кінәлі" адам такси жүргізуішісі екені анықталды. Алайда оның берген түсініктемелері әйелдікінен өзгешелеу болды.

Ер адамның айтуынша, көшенің бойында оны мас күйінде болған әйел тоқтатып, үйіне дейін жеткізіп салуын сұраған. Діттеген жеріне келгеннен кейін әйел адамда қажетті ақша болмай шығады.

Сосын ол жыныстық қатынасқа түсуге ұсыныс жасаған. Ал, такси жүргізушісі болса келісе салыпты. Ер адамның айтуынша, жоғалып кеткен телефон жайлы ол ештеңе білмейді екен.

Белгілі болғандай, әйелдің денесінен зорлау белгілері анықталмапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
2
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel