RU
Түркістанда Түймебаевты күткен шенеуніктер қарияларды мешітке кіргізбей қойды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Түркістанда Түймебаевты күткен шенеуніктер қарияларды мешітке кіргізбей қойды (фото)

Рассказать Вконтакте

Түймебаевты сағаттап күткен шенеуніктер жаңадан ашылған мешітке ақсақалдарды кіргізбей қойды. Алла үйіне келген жамағат имамдармен бірге облыс әкімін күннің ыстығында далада күтуге мәжбүр болды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Түркістанда Түймебаевты күткен шенеуніктер қарияларды мешітке кіргізбей қойды (фото)

Түркістанда Түймебаевты күткен шенеуніктер қарияларды мешітке кіргізбей қойды (фото)
Source: UGC

Кеше ғана, яғни үшінші шілде күні Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы мешіттің жанынан Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының кеңсесі ашылды.

Түркістанда Түймебаевты күткен шенеуніктер қарияларды мешітке кіргізбей қойды (фото)

Түркістанда Түймебаевты күткен шенеуніктер қарияларды мешітке кіргізбей қойды (фото)
Source: UGC

Салтанатты рәсімнің басты қонағы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевты қараша халық пен имамдар күннің ыстығында далада күтуге мәжбүр болды.

Ал шара басталған сәтте жергілікті әкімдіктегілер Алла үйіне құлшылық етуге келген жамағатты облыс әкімімімен бірге кіргізбей қойды.

Алдымен салтанатты рәсімнің басты қонағы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мешітке кірді. Өңір басшысымен бірге ішке кіргісі келген ақсақалдарды шенеуніктер сыртқа "ысырды".

Түркістанда Түймебаевты күткен шенеуніктер қарияларды мешітке кіргізбей қойды (фото)

Түркістанда Түймебаевты күткен шенеуніктер қарияларды мешітке кіргізбей қойды (фото)
Source: UGC

Алайда облыстық мұсылмандар діни басқармасының өкілі мұны жоққы шығарды.

"Ешкімге шектеу қойылмады. Ресми рәсім болған соң, алдыңғы қатарда басшылар тұрды. Облыс әкімі келген соң, екі-үш адам сөз алып, бірден мешітке кірдік", - дейді Түркістан облыстық мұсылмандар діни басқармасының өкілі Мұхамеджан Естеміров.

Өкілдіктің ашылу салтанатына қатысқан өңір басшысы орталық Түркістан өңірінің одан әрі рухани дамуына қызмет ететініне сенім білдірді.

Түркістанда Түймебаевты күткен шенеуніктер қарияларды мешітке кіргізбей қойды (фото)

Түркістанда Түймебаевты күткен шенеуніктер қарияларды мешітке кіргізбей қойды (фото)
Source: UGC

Сонымен бірге, Түркістан қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілі болып Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз
20
0
1
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel