RU
Мәйітхана тоңазытқышында тіріліп кеткен әйел дәрігердің зәресін ұшырды
Жаңалықтар Әлемде

Мәйітхана тоңазытқышында тіріліп кеткен әйел дәрігердің зәресін ұшырды

Рассказать Вконтакте

Жол апатынан кейін мәйітханаға жеткізілген африкалық әйел бірнеше сағаттан кейін тіріліп кетті. Оқиға ОАР-дағы Йоханнесбург қаласында болған. Қаланың маңында жол апаты болып, болжам бойынша үш адам мерт болғантын. Дәрігерлер бас жарақатын алған әйелді өлі деп танып, мәйітханаға жіберген. Бұл туралы segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі сурет: depositphotos

Көрнекі сурет: depositphotos

Журналға мәйіттер жайлы мәліметтерді жазып жүрген қызметкерлер әйелдің демалып жатқанын байқап қалған.

"Адамды өлі деп тануды біз емес, дәрігерлер біледі. Тоңазытқышты ашып, ішінен тірі адамды көресің деп ешқашан ойламайсың. Ал егер біз денені тілімдеп, оны өлтіріп алғанда не істейтін едік? ", - деді қызметкерлердің бірі.

Содан кейін әйелді ауруханаға жіберді. Аталған іс бойынша ішкі тексеріс жүріп жатыр. Бас фельдшер Геррит Брэдник әйелдің тірі қалғанына қуанышты екенін жеткізді.

"Оның алған жарақаттарын ескере отырып, тірі қалғанына құдайға алғыс айтуымыз керек. Болған дүние - кез келген дәрігер үшін ауыр сынақ", - деді ол.

Герриттің айтуынша, дәрігерлер ешқандай селқостық танытпаған.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel