RU
Елбасының қолынан погон алған жалғыз бойжеткен туралы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Елбасының қолынан погон алған жалғыз бойжеткен туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Жазира Ибрахим - Қарағанды қаласындағы ІІМ академиясының түлегі. Ол Қарулы күштердің Жоғары бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан погон алған 12 курсанттың ішіндегі жалғыз бойжеткен болды.

Сурет: NUR.KZ

Сурет: NUR.KZ

NUR.KZ тілшісі 20 жастағы лейтенантпен танысу мүмкіндігін жіберіп алмады.

"Жасым 20-да. Мен Түркістан облысы, Сарыағаш қаласының тумасымын", - деді Жазира. Қарағандыда тергеушіге оқығанын және осы мамандық бойынша өз мансабын жалғастыратынын баяндап берді.
Сурет: NUR.KZ

Сурет: NUR.KZ

Жазираның жанындағы азаматтардың бірі оның болашақ "тергек" екенін айтқанда, ол "тергек емес, тергеуші" деп сөзін түзеп, маңындағыларды бір күлдіріп алды.

"Қаншалықты қиын мамандық болса да, маған ұнайды. Еліме, ұлтыма қызмет ету - мен үшін ұлы мәртебе", - деді лейтенант.

Оның айтуынша, олардың жанұяларында полицейлер де, құқық қорғау қызметкерлері де жоқ екен.

Сурет: NUR.KZ

Сурет: NUR.KZ

"Мен - тұңғышымын. Мемлекет басшысының қолынан погон алу - мен үшін үлкен абырой. Мақтанамын, ата-анам да мақтанатын шығар", - деді Жазира.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
2
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel