RU
"Томирис" продюсерін іздестіру: Телефон қоңырауы еріктілерді елең еткізді
Жаңалықтар Қоғам

"Томирис" продюсерін іздестіру: Телефон қоңырауы еріктілерді елең еткізді

Рассказать Вконтакте

"Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі" іздестіру тобының еріктілері "Томирис" фильмінің продюсері Анна Чакиртованы іздестіріп жатыр. Аннаның жоғалуынан бұрын шалынған телефон қоңырауы еріктілердің назарын аудартты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Анна Чакиртова. Сурет: Facebook

Анна Чакиртова. Сурет: Facebook

Іздестіру тобын ұйымдастырушы Ислам Угушев біртүрлі қоңырау жайлы айтып берді.

"Оның телефонына мына нөмірден хабарласқан. Кімнің телефоны екенін білмейді", - деді ерікті.

Оның сөзінше, топтың еріктілері жоғалып кеткен келіншектің туыстарымен байланысын үзбей отыр. Олар соңғы рет хабарласқан телефон нөмірінің иесін тауып бере алмады.

Угушевтың айтуынша, олар арнайы бағдарлама арқылы соңғы рет хабарласқан адамның кім екенін болжаммен анықтады. Ол әйел адам болуы мүмкін.

"Анық ақпаратты маған әлі айтпады, мен тек нақты физикалық көмек көрсетемін: адамдарды қосып, топты ұйымдастырып бердім", - деді іздестіру барысында Угушев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel