RU
Әлем чемпионатында босанып қалған нигериялық әйел сәбиін "Иван" деп атады
Жаңалықтар

Әлем чемпионатында босанып қалған нигериялық әйел сәбиін "Иван" деп атады

Рассказать Вконтакте

Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында нигериялық жүкті әйел босанып, көрші елде ұлды болған. Бір қызығы ол сәбиіне "Иван" деген есім берген деп хабарлайды for.kg-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: for.kg

Фото: for.kg
Source: UGC

Белгілі болғандай келіншек Нигерия құрамасының ұтылып қалғанына қатты қобалжып, мерзімінен бұрын босанған екен.

"Мен бұлай болады деп мүлде ойламаған едім. Бастапқыда әрине уақытынан бұрын босандым деп қатты қорықтым. Бірақ сәбиімді қолыма алғаннан кейін, қорқышынтың бәрі артта қалды. Бәрінен бұрын ресейлік дәрігерлерге дән риза болдым. Олар менен көмегі мен қамқорлығын аямады",-дейді жас ана.

32 жастағы нигериялық әйел орысша тек "рахмет" сөзін білетін болып шықты. Ал, ұлына шетелдік келіншек "Иван" деген ат беріпті. Енді жас ана Ресейден өз еліне тек 15 шілдеден соң, ақтық ойыннан кейін ғана қайтуды жоспарлап отыр екен.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
2
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel