RU
Орысша "сөйлейтін" азамат Әбдірахымовтың орынбасары болып тағайындалды
Жаңалықтар Қоғам

Орысша "сөйлейтін" азамат Әбдірахымовтың орынбасары болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Орысша сөйлеймін деп шудың ортасында қалған Шымкент әкімінің бұрынғы кеңесшісі Данат Жумин қала басшысы Ғабидолла Әбдіраxымовтың орынбасары болып тағайындалды деп xабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкент

Данат Жумин жаңа қызметке тағайындалғанға дейін "Нұр Отан" партиясының Саяси жұмыс департаментінің басшысы болған.

Ол АҚШ, Ресей және Украина елдерінде саяси коммуникация саласы бойынша тәжірибеден өткен.

Еске сала кетсек, 2015 жылы Шымкент әкімінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне кіріскен сәтте Данат Жумин бір топ журналистер мен блогерлермен жақынырақ танысу мақсатында кездесу ұйымдастырды.

Ойын орыс тілінде жеткізген Жуминнен қонақтар қазақ тілінде сөйлеуін өтінгені сол еді, ол шетелде білім алғанын алға тартып, өзіне ыңғайлы тілде сөйлейтінін айтып ашуға булыққан.

Дегенмен, кейінірек Данат Жумин бұл кемшілігін түзейтінін, яғни, қазақ тілін үйренетінін айтып, ағынан жарылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
34
0
0
1
1
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel