RU
"Сізді ағамыздай көреміз": Абу-Даби ханзадасы Назарбаевпен Ақордада кездесті
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Сізді ағамыздай көреміз": Абу-Даби ханзадасы Назарбаевпен Ақордада кездесті

Рассказать Вконтакте

Абу-Дабидің ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мухаммед бен Заид Аль Нахаян Қазақстанға ресми сапарымен келді. Салтанатты шара аяқталғасын тараптар екі ел арасындағы байланыстың дамуы мен достастығы жайында өзекті тақырыптағы сұрақтарды талқылады деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: Ақорда

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қалыптасқан берік достық қатынастарын сөз ете отырып, тығыз жұмыс тәртібіне қарамастан елге жасаған ресми сапары үшін алғысын білдірді.

"Екі жақты жылы байланыстың арқасында елдер арасындағы бизнес пен мемлекеттік құрылымдардың дамуы артып жатыр. Инвестиция саласын қорғауда сенімді байланыс орнаттық. Біздің болашаққа деген жоспарымыз көп", - деді Қазақстан перзиденті.
Сурет: Ақорда

Сурет: Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев гидроэнергетика мен газхимиялық кешен құрылысының жобаларын іске асырудағы кейбір мәселелерге тоқталып өтті.

Мемлекет басшысы БАӘ-нің ғылым мен технологияны дамыту саласындағы жұмыстың өзектілігін атап өтіп, ек ел арасындағы визасыз тәртіп орнатудің тиімділігін ескерген.

Сурет: Ақорда

Сурет: Ақорда

Абу-Дабидің ханзадасы өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Заид бен Сұлтан Аль Нахаянның орнатып кеткен достық байланысын ерекше атап кетті.

"Сіздермен бауырмал қарым-қатынас орнаған. Біз сізді үлкен ағамыз деп білеміз, сіздің бай тәжірибеңізді сыйлаймыз. Отыз жыл бұрын Қазақстанда болған өзгерістерді ешкім күтпеді. Бүгінде Қазақстан өз аймағында көшбасшыға айналды. Мұның бәрі сіздің даналығыңыз бен сарабдал саясатыңыздың арқасында", - деді тақ мұрагері.

Кездесу барысында мемлекет басшысы тақ мұрагеріне "Астанаға 20 жыл" мерейтойлық төсбелгісін табыстады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
2
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel