RU
"Ол күйзелісте жүрген еді": Із-түзсіз жоғалған продюсер жайлы әріптестері айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

"Ол күйзелісте жүрген еді": Із-түзсіз жоғалған продюсер жайлы әріптестері айтып берді

Рассказать Вконтакте

Хабар-ошарсыз кеткен "Томирис" кинотуындысының продюсері Анна Чакиртованың жақын танысы әрі әріптесі Светлана Нам оның жоғалуының болжамды себептері жайлы айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: Анна Чакиртова/Facebook

Сурет: Анна Чакиртова/Facebook

Әйелдің айтуынша, ол Аннаның жоғалуын қылмыспен байланыстырмайды екен.

Светлана "Томирис" фильмінің түсірілімдері өте ауыр болғандықтан Анна соңғы кездері күйзелісте жүргендігін айтып берді.

Оған, әсіресе, бірнеше күн бұрын түсірілім алаңында болған өрт әсер еткен.

Оның сөзінен Аннаға ұқсас адамдар қаланың бірнеше жерінен байқалғаны белгілі болды. Туыстары Аннаның қайтып келетініне сеніп отыр.

Еске салайық, Анна Чакиртова үйіне екінші шілде күні қайтып келмепті. Туыстары әйелдің жоғалуына байланысты арыз тастаған. Қазіргі таңда оны полицейлер мен еріктілер іздестіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
4
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel