Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен сені сүйемін": Алматыда жоғалып кеткен продюсердің соңғы хабарламасы күдік тудырды

Опубликовано:

Алматыда «Томирис» фильмінің продюсері Анна Чакиртова жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені туралы хабар тараған болатын. Екінші шілде күні кешкі тоғыздар шамасында кеткеннен қайта оралмаған әйел телефоны мен құнды заттарын да үйінде қалдырған. Бірақ кетерінің алдында қызына хабарлама жіберіпті. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Мен сені сүйемін"
"Мен сені сүйемін": Жоғалып кеткен Аннаның соңғы хабарламасы күдік тудырды: UGC

Анасы Аннаның соңғы хабарламасы қызының көңіліне күдік ұялатқан. 2 шілде күні кешкі тоғыздан 24 минут кеткенде жолдаған хатынан кейін келіншек жоғалып кетіпті.

Ұялы телефон мен басқа да заттарын өзімен алмаған. Жары Марат не деп жорамалдарын да білмейді. Өмірден баз кешіп кетердей көре алмас қасы да, батқан қарызы да, тұрмыста кикілжің болмаған дейді.

"Сағат сегіздер шамасында Достық пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы дәріханаға барған. Қызым кейінірек ол жердегі бейнебақылаудың жазбасын алды. Түрлі дәрі-дәрмек сатып алған. Жұмыс көп, ұйқысы аз болғандықтан үнемі басы ауыратын", - дейді Аннаның жары Марат Нұғманов.
"Мен сені сүйемін"

Дәріханадағы жазбаға қарағанда Аннаның үстінде қара көйлек. Көзілдірік таққан. Шашы түюлі.

«Томирис» фильмі продюсерінің жоғалуы әріптестерінің төбелеріне жай түсіргендей болды. Кейбірі тіптен жұмыстарын тастап, Аннаны іздейтін еріктілердің қатарына қосылған.

"Подьезге қарап тұрған камера жоқ болғандықтан бізге қиын болып тұр. Ол кісі оң жаққа кетті ме, сол жаққа кетті ме, соны біліп тұрған жоқпыз", - дейді ерікті Толғанай Талғат.

3 шілде күні кешкі сағат он шамасында белгісіз нөмірден Аннаның әпкесінің телефонына қоңырау шалынған.

Тұтқаның ар жағынан сыбырлап шыққан дауыс естіліп, байланыс үзіліпті. Бірақ, балалары ол аналары Анна ма, әлде басқа біреу ме әзірге түсіне алмай тұр.

Жақындарынан түскен арыздан кейін, Ішкі істер департаменті іздеу шараларына кірісті.

"Арнайы тергеу тобы құрылып, іздестіру ісі жандандырды. Қазіргі таңда бұл тергеу тобының құрамына криминалдық полиция басқармасының да қызметкерлері кірген болатын. Бастапқыда барлық болжамдар есепке алынып отыр. Ол қандай себептермен, неліктен жоғалуы мүмкін деген сұрақтарға жауап іздеудеміз", - дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бір хабар бола ма деген үмітпен еріктілер әр аулаға Аннаның суретін іліп, қаланың қуыс-қалтарыстарын тізе бікпей сүзіп жатыр.

Ал, қызы Камилаға «Мен сені сүйем» деп анасы жолдаған соңғы хабарламасының төркіні әлі жұмбақ болып тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740703-men-seni-sjemin-almatyda-zogalyp-ketken-produserdi-sogy-habarlamasy-kdik-tudyrdy/

pixel