RU
Ресейлік қашқын сарбаз 20 жыл бойы Қазақстанда емін-еркін жүрген
Жаңалықтар Қоғам

Ресейлік қашқын сарбаз 20 жыл бойы Қазақстанда емін-еркін жүрген

Рассказать Вконтакте

Ресейдің әскери бөлімшесінен қашып кеткен сарбаз 20 жыл Қазақстанда жасырынып жүрген. Қостанай облысы полицейлері Денисов ауданының тұрғынын жалған құжат жасады деген күдікпен ұстады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ресейлік қашқын сарбаз 20 жыл бойы Қазақстанда емін-еркін жүрген

Ресейлік қашқын сарбаз 20 жыл бойы Қазақстанда емін-еркін жүрген

Тексеру көрсеткендей, ер адам біреудің төлқұжатын пайдаланып, соның көмегімен Қазақстан азаматтығын алған, республикада жиырма жылдай тұрыпты.

Ал Ресейдің тәртіп сақшылары 1997 жылы өз бетімен әскери бөлімшеден кетіп қалған сарбазды осы уақытқа дейін іздеп келген.

Тергеу барысында анықталған мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан азаматтығын алуға мүмкіндік берген құжатты ер адам сол кездегі қызметтес сарбаздан ұрлап, жасатып алған екен.

Ұсталған ер адам Ресейге экстрадицияланды, тергеу жалғасып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
2
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel