RU
92 жастағы кейуана өзін қарттар үйіне өткізбек болған ұлын атып өлтірді
Жаңалықтар Әлемде

92 жастағы кейуана өзін қарттар үйіне өткізбек болған ұлын атып өлтірді

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та Аризона штатының тұрғыны өзін қарттар үйіне өткізбекші болған баласын өлтіріп тастады. 92 жастағы Анна Мэй Блессинг қылмысын бірнеше күн бойы жоспарлаған болып шықты деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

72 жастағы ер адам анасымен тұру қиынға соққандықтан оған қарттар үйіне көшуге ұсыныс білдірген. Туған баласының бұл сөзіне ашуланған әйел адам перзентін өлтіруге бел буады.

Бірнеше күн бойы арнайы дайындалған қарт ана екі тапаншаны өз қалтасына салып жүрген. Қолайлы уақыт келгенде ол ұлының бөлмесіне кіріп, оған бірнеше рет оқ жаудырады.

Ер адамның қасында жатқан сүйіктісі 92 жастағы әйелден тапаншаны жұлып үлгеріп, өз өмірін сақтап қалған.

Анна Мэй Блессинг сот алдына мүгедек арбасымен барды.

Анықталғандай, қарт ана ұлын өлтірерде "Сендер менің өмірімді тартып алмақшы болсаңдар, мен сендердің жандарыңды аламын" деп айтқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
1
3
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel