Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайғымды ешкімге тілемеймін": Абай Бегей не үшін өзінен 16 жас кіші қызға үйленген?

Опубликовано:

Шілде айының басында жас қызды некелі жары етіп алған Абай Бегей елдің талқысына түсті. Әншінің үйлену тойы үшін кейбірі өнер иесін сынға алса, екіншісі түсіністік танытуға тырысып жатты. Елдің сөзінен шаршаған Абай Бегей көпшілікке өзі жауап қайтарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Абай Бегей. Фото: "Түнгі студия" парақшасынан
Абай Бегей. Фото: "Түнгі студия" парақшасынан: UGC

Әнші кішкентай екі қызына ана орнын басатын адам керек екенін, жас қызды әдейі таңдап алмағанын мәлімдеді.

"Мен жайында, менің отбасым жайында біраз әңгімелер болып жатыр екен. Жақсы тілек білдірушілерге Алла разы болсын! Ал теріс пікір жазып, ушықтырушыларға мән-жайды ашып айтқым келді.

Үш жыл бұрын анам, туған ағам, жан жарым дүниеден өтіп, біраз уақыт есеңгіреп қалған едім. Киналдым, қайғырдым, қажыдым. "Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан" деушілер көп болса да, үйленуден бас тартып жүрдім.

Себебі, қыздарым мен ұлымның жүрегіне ауыр жара салудан қорықтым. Ешкімде ананың орнына ана бола алмасын түсіндім.

Бірақ, Алла бізге тағдырды жазғанда жұп-жұбымызбен жаратты. Мен қанша үйленуден бас тартсам да, өмірде отбасының ұйытқысы мен берекесі болар бір қисық қабырғаның қажеттігін түсіндім.

Абай Бегей. Фото: Тілеубаев Талғаттың парақшасынан алынды
Абай Бегей. Фото: Тілеубаев Талғаттың парақшасынан алынды: UGC

Тұңғышым құтты орнына қонды, шүкір. Нағашыларына алғысым шексіз. Ұлыма ананың махаббатын бере алмасам да, әкелік жол көрсетіп, жақсы азамат боларына үлес қоса алармын.

Ал кішкентай қос қарлығашыма дұрыс бағыт-бағдар, тәрбие беру үшін ананың орнын баса алмаса да, құрбыдай сырлас әйел керек. Өйткені, он жастан бастап әкесіне айта алмайтын қыздардың құпиясы - сырлары басталатыны анық қой. Өтпелі және жасөспірім шағында жанында табылып, сырласатын, қолдайтын иманды жар іздедім.

Менің марқұм Әкем мен анамның жас аралығы - 16 жас. Өмірге екі қыз, алты ұл дүниеге келген мен кенжесімін. Мен әдейі жас қызға үйленейін деп іздемедім, осылай болды, 16 жас.

Тойды бай, танымал немесе ақшамыз асып-тасығаннан емес, шариғат бойынша жариялау мақсатында жасадық. Өмірдегі, өнердегі тек жақындарымды жинадым.

Сөз соңында айтарым, мен бір әйелдің үстіне бір әйел алып немесе бірінші отбасымды тастап кетіп, екінші рет үйленіп отырған жоқпын. Бұл - тағдыр.

Менің қайғымды ешкімге де тілемеймін. Марқұм балаларымның анасы Жанатыма деген құрметім де, махаббатым да ерекше. Тек Құран бағыштаудан басқа амалым жоқ. Алла жатқан жерін жарық қылсын", - деп ағынан жарылды әнші Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1740718-kajgymdy-eskimge-tilemejmin-abaj-begej-ne-sin-zinen-16-zas-kisi-kyzga-jlengen/

pixel