Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің тағы бір танымал әншісі магистр атанды (фото)

Опубликовано:

Елімізге танымал халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев те әріптестерінен қалмай, магистр мамандығын алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ұлының жетістігі жайлы композитордың өзі Instagram парақшасына салып қойды.

Біржан Хасанғалиев Алматыдағы "Экономика және статистика" академиясын үздік дипломмен тәмамдаған.

Композитордың ұлы жоғары оқу орнын аяқтап, экономика ғылымдарының магистрі деген ғылыми дәрежесін иемденген.

Ал желі қолданушылары Хасанғалиевтің ұлын дипломымен құттықтап, ақ тілегін жаудырды.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын магистр атанған Мейрамбек Бесбаевтың басы дауға қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1740719-elimizdi-tagy-bir-tanymal-nsisi-magistr-atandy-foto/

pixel