RU
Түркістанда жұмысшыларды апта сайын моншаға түсірген әкімнің қызметі өсті
Жаңалықтар Қоғам

Түркістанда жұмысшыларды апта сайын моншаға түсірген әкімнің қызметі өсті

Рассказать Вконтакте

Қарапайым жұмысшылардың моншаға түсіп, таза болып жүруін өз бақылауына алған шенеунік Шымкент әкімінің командасына келді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Түркістанда көше жұмысшыларын апта сайын моншаға түсірген әкімнің қызметі өсті

Бұхарбай Парманов. Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданын басқарған Бұқарбай Парманов жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол Шымкент қаласы, Абай ауданын басқарады.

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 33 сессиясында депутаттар Бұхарбай Пармановтың Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі лауазымына тағайындалу кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Бұхарбай Парманов 1962 жылдың 20 қазанында дүниеге келген. Еңбек жолы Ленин ауданы Әлішер Навои колхозының колхозшысы болудан басталған. Мемлекеттік қызметке 1986 жылы келген. 2007-2014 жылдары ОҚО, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, 2014-2016 жылдар аралығында Сарыағаш ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2016 жылдың тамыз айынан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Төлеби ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Еске сала кетерлігі, Парманов мырза Төлеби ауданын басқарып тұрған кезінде тазалыққа жауапты коммуналдық сала қызметкерлерінің тегін моншаға түсуін қамтамасыз етіп келді.

Яғни, қарапайым жұмысшылардың мекеме есебінен моншаға түсіп, шаштаразға баруын өз бақылауына алған болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
1
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel