RU
Ақтөбелік азамат әйелін подъездің ішінде босандырып алды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік азамат әйелін подъездің ішінде босандырып алды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде батыл ер адам өз әйелін подъездегі баспалдақтардың үстінде босандырып алды. Ол сасқалақтап қалмай, нәрестенің аман-сау дүниеге келуіне барын салған деп хабарлайды Диапазонға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: Диапазон

Сурет: Диапазон

Алан Ұланның айтуынша, сол күні кешке әйелінің толғағы басталды. Ол киімдерін жинап, оны перзентханаға апаруға асыққан. Бірақ тура подъездің ішінде әйелдің босануына тура келіпті.

"Ол баспалдақтармен түсіп бара жатқанда толғағы басталды. Оны көрпеге жатқыздым. Ол болса не істерін білмеді. Мен оны сабырға шақырдым. Тек "Терең демал ал. Күшен!" деп қана айттым. Үшінші рет күшенген кезінде бала дүниеге келді", - деп есіне түсірді Алан.

Бірақ, бала жыламаған. Сөйтсе, баланың кіндігі мойнына байланып қалыпты.

"Босатып жібергенімде бала шыр етіп жылап жіберді", - деді жас әке.

Абыр-сабыр болған Алан 101, өрт сөндірушілер мен дәрігерлерге хабарласқан.

Жедел жәрдем көлігі дереу келді. Қазір баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Ол анасымен бірге үйде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel