RU
Шымкент жұрты Қайрат Нұртасты бірнеше сағат бойы жерде отырып күткен
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Шымкент жұрты Қайрат Нұртасты бірнеше сағат бойы жерде отырып күткен

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші, "хитмен" Қайрат Нұртастың Шымкент қаласында өткен концертіне жанкүйерлер бірнеше сағат ерте келіп алған. Шымкенттіктер сүйікті әртісін жерде отырып күтті деп хабарлайды Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Otyrar.kz

Фото: Otyrar.kz

Қайрат Нұртастың Қазақстан бойынша жанкүйерлері өте көп. Алайда, олардың арасында шымкенттіктердің орны отандық жұлдыз үшін әрдайым бөлек болған. Өйткені, бұл қаладағы тыңдармандары әншіні үнемі таңғалдырып жүрумен ерекшеленген.

Концертке әдейі ерте келіп алған жұртшылық әншіні жерде отырып алып күтіпті.

"Әзірге демала тұрамыз. Қайрат сахнаға шыққанда тұра сала билейміз. Ал жерде бізге суық емес. Қалада 40 градус ыстық, қайдағы салқынды айтасыздар?", - дейді концертке келген тыңдарман.
Фото: Otyrar.kz

Фото: Otyrar.kz

Отандық жұлдыздың кешін бес мыңнан астам адам тамашалады. Ауқымды шара әл-Фараби алаңында өтті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
2
2
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel