RU
"Абай жолын" қазақ тіліне аударған Баян Алагөзова жұртты таңғалдырды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Абай жолын" қазақ тіліне аударған Баян Алагөзова жұртты таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Отандық продюсер Баян Алагөзова қазақ тілін жетік меңгеруге ұмтылуда. Мемлекеттік тілде жақсы сөйлеу үшін ол арнайы сабақ алып жүрсе керек. Өзінің желідегі парақшасына танымал жұлдыз "Абай жолының" орысша нұсқасын қазақ тіліне аударып жатқан видеосын жүктеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Brod.kz

Фото: Brod.kz

Баян Алагөзова қазақ тілінде таза сөйлеуге тырысып жүр. Танымал продюсер өзінің Instagram парақшасына арнайы қазақ тілі сабағынан үзінді жариялаған.

Видеода ол орысша жазылған "Абай жолын" қазақ тіліне аударып жатты. Бейнежазбаның астына продюсер мынадай жазба қалдырды:

"Абай жолының бірінші томын аударып болдым. Ұстазым менің қабілеттілігімді жоғары бағалауда. Әуезов туындысын орысшадан қазақшаға аудару кімнің қолынан келеді? Дәлелдеп көр!"

Желі қолданушылардың Баян Алагөзованың жазбасына қатысты ойы бір жерден шықпай, пікір білдірушілер екіге бөлінген. Бірі продюсердің туған тілін үйренуге деген талпынысына қуанып жатса, қалғандары оны даттап жерден алып жерге салып жатты.

Айта кетейік, танымал продюсер бұл жазбасын апарақшадан өшіріп үлгерген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
37
5
3
0
1
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel