RU
Атбасар прокурорының неліктен қызметінен қуылғаны белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Атбасар прокурорының неліктен қызметінен қуылғаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысы Атбасар ауданының прокуроры неліктен қызметінен босатылғаны белгілі болды, ол шулы қылмыстық істің тергелуін дұрыс қадағаламағаны үшін қызметтік креслосынан айырылды деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атбасар прокурорының

Бұған дейін ықпалды бизнесменнің ұлы Заур Дзейтов Атбасарда әйел адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткені хабарланған. Жол апатының видеосы желіде жарияланып, жұртшылықтың жаппай наразылығын да тудырды.

Полиция күдіктіні ұстап, қамауға алған. Сөйтіп, оған қатысты екі қылмыстық іс қозғалған болатын, алайда Атбасар ауданы прокурорының қаулысымен Дзейтов уақытша ұстау абақтысынан босатылды.

Сол уақытта Бас прокуратура Ахашевке қатысты қызметтік тергеу жүргізді.

Негізінде Атбасар аудандық соты Дзейтовты екі айға қамауға алған еді. Сонымен бірге Ақмола облыстық соты адвокаттардың шағымына байланысты Дзейтовті үй қамақтан босатты.

Бұған дейін прокурордың қызметінен босатылғаны хабарланған болатын, алайда ол кезде себебі белгісіз болды.

Sputnik-ке Ақмола облысының прокуратурасы хабарлағандай, Қазақстанның Бас прокуратурасы Атбасар ауданының прокуроры Ахашевке қатысты қызметтік тексерісті аяқтады.

Қызметтік тексеріс нәтижесінде, аудан прокуроры адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық істің тергелуін лайықты дәрежеде қадағаламағаны үшін қызметінен босатылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel