RU
Орыс жігітімен бас қосқан қазақ қызы жан сырын ақтарды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Орыс жігітімен бас қосқан қазақ қызы жан сырын ақтарды (фото)

Рассказать Вконтакте

Танымал Instagram-блогері Аида Белинская бақытты отбасылық өмірі жайлы, "инста-ана" атағын қолдануы мен ұлтаралық отбасыға деген қоғамның көзқарасы туралы айтып берді деп хабарлайды Домашний Очаг сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: instagram/aida.belinskaya

Сурет: instagram/aida.belinskaya

Аида Белинская мен күйеуі Евгений бақытты өмір сүріп келеді. Олардың Эва мен Эмир есімді екі бүлдіршіндері бар.

Әйелдің айтуынша, отбасындағы басты дүние - махаббат пен сыйластық. Сондықтан да ерлі-зайыптылар бір-бірлерінің салтына сыйластықпен қарап, мұсылман әрі христиан мейрамдарын тойлайды екен.

Аида мен Евгений балаларымен қоса Астанада, Паттайяда өмір сүріп көрді. Енді олар Ақтауда тұрып жатыр.

Ұлттық салтқа берік батыс жұрты ұлтаралық некеге қырағы көбен қарайтыны рас.

"Ұлтаралық некелерді мұнда жақтыртпайды. Не үшін орыс жігітімен тұрмыс құрғанымды жиі сұрайды. Бұл барлық ұлттарға тән деп ойлаймын. Қалыпты жағдай. Әр адам өз ұлтының дінін, салтын сақтауға тырысады. Ал, адайлықтар болса ұлттық құндылықтарды қорғаштап, сақтауға аса ерекше қарайды. Бірақ мені ешкім кемсітіп, ұрысып көрген емес. Бақытта ұлт жоқ екенін үнемі айтып жүремін", - деді Аида.

"Біз дос болған да жоқпыз. Қызық, иә? Ешқандай кездесулер, гүлдер, романтикалық кештер, сыйлықтар болмады", - деп қорытындылады өз сөзін Аида.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
14
1
2
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel