RU
Шілденің басында өскен зейнетақыны шымкенттік қариялар азсынып отыр
Жаңалықтар Қоғам

Шілденің басында өскен зейнетақыны шымкенттік қариялар азсынып отыр

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік зейнеткерлер 1 шілдеден бастап қайта есептелген зейнетақыларын алып жатыр. Үлестіруші банк өкілдерінің айтуынша, төлемдер екі күн бұрын беріле бастапты. Сондай-ақ, банкомат карточкалары арқылы алатындарға аударылған деп хабарлайды Otyrar.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шілденің басында өскен зейнетақыны шымкенттік қариялар азсынып отыр

Шілденің басында өскен зейнетақыны шымкенттік қариялар азсынып отыр

Зейнеткерлер қосылған үлес ақшаның мөлшері әлі де аз деп отыр.

"Мен Семей полигонында әскери борышымды өтегенмін. Ешқандай өсімді байқамадым. Орталықтан себебін білемін", - дейді қала тұрғыны.

"Ақша кімге жеткен еді? Өзімнің есебім бойынша он мың теңге қосылуы тиіс еді, алайда жеті мың теңгеге зейнетақым өсіпті, оған да шүкір", - деді тағы бір зейнеткер.

Естеріңізге сала кетсек, 1 шілдеден бастап елімізде зейнетақы мен бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы көлемі 20 пайызға, әскери қызметшілердің жалақысы 25 пайызға өсті.

Биылғы жылы бірінші кезеңде, яғни, 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 9 пайызға, базалық зейнетақы 7 пайызға артты.

Ал екінші кезеңде, яғни, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 11 пайызға, базалық зейнетақы мөлшері 13 пайызға көбейеді.

Нәтижесінде, шілдеден бастап ең төменгі зейнетақы — 45 711 теңгені, орташа зейнетақы — 66 676 теңгені құрайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
1
0
2
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel