Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаулық қалталы жігіт беташарда сегіз көліктің кілтін лақтырды

Опубликовано:

Бүгінде тойда ақшаны уыстап шашатын маңғыстаулықтардың беташарлары ел аузында. Ақшаны қарша жаудырғандардың видеосы елдің қызу талқысына түсуде. Алайда бұл өңірде шашуға тек ақша ғана емес, пәтер мен көлік кілттерін де шашатындар аз емес екен. Мәселен, тағы бір қалталы азамат беташарда 8 көліктің кілтін лақтырған деп хабарлайды KYN.KZ сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шашуға пәтер мен көлік: Маңғыстаулық бай-бағландар беташарды қалай жасайды?
Көрнекі сурет: UGC

Маңғыстаулықтардың беташары қалай өтетінін айтып берген Елдос есімді асабаның айтуынша, олар үшін ақшаны уыстап шашу таңсық емес.

«Бізде келінді алып келген күні бүкіл туысқа көрсетпей жатып ресми бетін ашамыз. Оңтүстіктегідей тойдың алдында ашу деген ұят саналады. Расымен де келіннің жүзін ешкім көрмеуі тиіс. Бетін ашқанда барлық халық шашу шашып, көрімдігін береді. Әдет бойынша келін түскен үйдің ағайындары қалтасына қарай шашу шашады», - дейді асаба Елдос.

Бұдан бөлек, асаба тойда алтыннан, пәтер мен көлік кілттерінен шашу шашқандар жайлы да айта кетті. Материалдың толық нұсқасын KYN.KZ сайтынан оқуыңызға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740767-magystaulyk-kaltaly-zigit-betasarda-segiz-klikti-kiltin-laktyrdy/

pixel