RU
Назарбаев Халықаралық қаржы орталығының шымылдығын ашты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Халықаралық қаржы орталығының шымылдығын ашты

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты тақтаны шоқпармен соғып, "Астана" Халықаралық қаржы орталығының жұмысына бастау берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Сурет: NUR.KZ

Сурет: NUR.KZ

Елбасыға ұруға арналған арнайы шоқпарды беріп, ол тақтаның ортасынан соғып АХҚО-ның шымылдығын ашты.

"Осы көптен күткен сәттің тууымен шын жүректен құттықтаймын. Енді АХҚО жұмыс істейтін болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сурет: NUR.KZ

Сурет: NUR.KZ

Елбасы шараға қатысқан құрметті қонақтарға уақыттарын бөліп, арнайы келгендері үшін алғысын білдірді. Президент ертең Астананың 20 жылдығын тойлайтындығын атап өткен.

"Біздің елімізге небәрі 27 жыл. Бұл тарих үшін жай ғана бір сәт. Алайда, менің ойымша, біздің халық болашақтың дамуы үшін нық қадам жасады", - деді Елбасы.
Сурет: NUR.KZ

Сурет: NUR.KZ

Ол АХҚО да осы бағытта жұмыс істейтіндігіне сенім білдірді.

"Біз өз тарапымыздан АХҚО-да жұмыс істеу бәріне қуаныш сыйлайтындай етіп, бизнес табыс әкеліп, Қазақстан осыдан үлкен кіріс табатындай барлық жағдайды жасаймыз",- деп қорытындылады өз сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel