RU
Шымкенттік педофилдің видеосын таратқан адам жеті жылға сотталуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік педофилдің видеосын таратқан адам жеті жылға сотталуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының тәртіп сақшылары педофилдің балаға шабуылдаған сәті түсірілген видеоны интернетке салған адамды іздеп жатыр деп хабаралйды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкенттік педофильдің видеосын таратқан адам 7 жылға сотталуы мүмкін

Шымкенттік педофильдің видеосын таратқан адам 7 жылға сотталуы мүмкін

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тұрғын үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасының кадрлары таралған болатын. Ер адам балаға шабуылдап, көрші әйел үйге кіріп келген кезде қаша жөнелген. Кейінірек күдікті ұсталды.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, шабуылдың кадрларын жариялаған адамды іздеп жатыр. Видеокадрларды таратқан адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

БАҚ өкілдері бала есін жия бастағанын, алайда оқиғаны есіне түсіре алмағанын атап өткен. Дегенмен болған оқиғаны сұрастыра берсе, оның жағдайы нашарлап кетуі мүмкін.

Әжесінің айтуынша, зардап шеккен баланы видеоролик арқылы таныған адамдар оған күн сайын қоңырау шалады екен. Ол таяуда мектеп басталатындықтан қазақстандықтардан видеороликті таратуды тоқтатуға шақырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel