RU
Отандық танымал әзілкеш қарттар үйіндегі былықтың бетін ашты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық танымал әзілкеш қарттар үйіндегі былықтың бетін ашты (видео)

Рассказать Вконтакте

Елімізге танымал әзілкеш, "Өнер қырандары" театрының актері Жанболат Найзабеков қарттар үйінде болатын жағдайды баяндап, елді жылатты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол қарттар үйін мекен ететін қария жайлы айтып берді.

"Қарттар үйіне барғанда мені бір әжей танып, жағдайымды сұрап жатыр. Ападан "Балаңыз қайда?" деп сұрасам, "Балам шетелде. Жұмыста ғой" дейді.

Соның өзінде баласын жақтап жатыр. "Кейде немерем келіп тұрады. Айына бір рет зейнетақымды алуға" деп айтты. Сонда келіні, немересін зейнетақы үшін жібереді. Ұлы несіне шетелде жүр, бір зейнетақыға өмір сүріп отырса?

Қарттар үйінің басшысы да "Зейнетақы түскенде есіктің алды неше түрлі "джипке" толып кетеді" деп айтып жатыр. Сол кісілер қалай жәннатты аңсайды? Жүрегің ауырады. Әке-ананың қадірін түсіну үшін, қарттар үйіне бір кіріп-шығу жеткілікті", - деді актер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
13
3
1
31
1
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel