RU
Алматының орталық көшелеріне біржақты көлік қоғалысы енгізілетін болды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматының орталық көшелеріне біржақты көлік қоғалысы енгізілетін болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда тамыз айынан бастап бірқатар көшелерге біржақты көлік қоғалысы енгізіледі деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оңтүстік астанада көлік қозғалысының Кешенді сызбасын ұйымдастыру аясында кіші көлік айналымы шекарасындағы Жамбыл, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Гоголь, Мұратбаев және Шәріпов көшелеріне біржақты көлік қозғалысы енгізіледі.

Мысалы, Мақатаев көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Мұканов көшесіне дейін батыс бағытта. Гоголь көшесі бойымен Әуезов көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейін шығыс бағытта.

Фото: Қалалық әкімдік

Фото: Қалалық әкімдік

Бөгенбай батыр көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Масанчи көшесіне дейін шығыс бағытта.

Қарасай батыр көшесі бойымен батыс бағытта Масанчи көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін. Жамбыл көшесі бойымен шығыс бағытта Розыбакиев көшесінен Масанчи көшесіне дейін.

Мұратбаев көшесі бойымен Райымбек даңғылынан Шевченко көшесіне дейін оңтүстік бағытта. Шәріпов көшесі бойымен Абай даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін солтүстік бағытта.

Фото: Қалалық әкімдік

Фото: Қалалық әкімдік

Бұл шара кереғар нүктелерді 50% азайтуға, апатты жағдайларды қысқартуға, негізгі магистральды көшелерде көлік жүктемесін төмендетуге ықпал етеді. Аталған учаскелерде орташа жылдамдықты 12 км/сағатқа арттыру өткізу жолға кететін уақытты орташа 17%-ға қысқартып, өткізу қабілетін жақсартады.

Гоголь, Мақатаев және Қабанбай батыр көшелері бойында жолаушылар көліктері үшін арнайы жолақ жасалады, соның арқасында (сызбада көрсетілгендей) кедергісіз көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі.

Айта кетерлігі, қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылдамдықты төмендету ісі қолға алынды, соның арқасында жоғарыда аталған учаскелерде жоғары жылдамдық 40 км/сағат. Көлік қозғалысының жаңа сызбасы биылғы жылдың 5 тамызында енгізіледі.

Еске салсақ, өткен жылы біржақты көлік қозғалысы Шевченко және Құрманғазы көшелеріне енгізілген еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel