RU
БҚО-да аспаннан белгісіз зат құлап, тұрғындарды дүрліктірді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да аспаннан белгісіз зат құлап, тұрғындарды дүрліктірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында аспаннан белгісіз зат құлады. Жұлдыз секілді жарқыраған нысанның кейбір жері металлдан жасалған. Ал көлемі 3:3 метр болатын затқа арнайы таңбалар салынған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото NUR.KZ

Фото NUR.KZ

Желіде қызу талқыға түскен видеоны куәгерлер түсіріп алыпты.

Олардың айтуынша, аспаннан құлаған заттың көлемі 3:3 метр. Белгісіз зат өзі құлаған аумақты өртке ораған.

БҚО-ның төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 маусым күні түнде Қазталов ауданы, Қарасу ауылында аумағы 100 шаршы метрді қамтитын құрғақ шөп өртеніп кеткен.

"Таңғы 4-те өрт болғаны жайлы ақпарат келді. Оқиға орнына бір техника мен төрт өрт сөндіруші жетті. Тосын жағдайдан қаза тапқандар мен мал шығыны болмаған. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар мен экология комиссияның өкілдері жұмыс істеп жатыр", - дейді БҚО-ның төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанова.

Болжам бойынша, аспаннан құлаған белгісіз зат метеозонд немесе ракетаның қалдықтары болуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
1
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel