RU
Қырғызстанда ер адам екінші рет зорлыққа ұшырай жаздаған қызын құтқарып қалды
Жаңалықтар Әлемде

Қырғызстанда ер адам екінші рет зорлыққа ұшырай жаздаған қызын құтқарып қалды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Ысытқкөлінде әкесі тағы бір мәрте зорлыққа ұшырай жаздаған туған қызын құтқарып қалды. Оқиға екінші шілде күні Жеті-Оғыз ауданында болған. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: АиФ-Украина

Көрнекі фото: АиФ-Украина

Ер адам 13 жастағы қызды көлікке отырғызып, балмұздақ сатып әперіп, екінші рет зорламақ болыпты. Бұл жайында жергілікті полицейлер хабарлаған.

42 жастағы ер адамның көлігінен қызын байқап қалған әкесі бірден милицияға арызданыпты.

Қыз баланың айтуынша, осы ер адам алдыңғы жолы үйінде жалғыз қалған кезде оны зорлаған көрінеді. Алдын-ала мәліметтер бойынша, күдікті отбасы жалдап отырған үй иесінің ұлы екен.

Қылмыс жасаған ер адам ұсталды. "Кәмелет жасқа толмағанды зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қажетті сараптаулар тағайындалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
5
2
1
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel