RU
Қазақстандық ақын Волочковамен арадағы байланысы жайлы шындықты жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қазақстандық ақын Волочковамен арадағы байланысы жайлы шындықты жайып салды

Рассказать Вконтакте

Анастасия Волочковамен бірге түскен суреттерімен танымал болған қазақстандық ақын шпагатпен түскен суреті мен сүйіскен видеосы не үшін жасалғанын айтып берді. Сондай-ақ, Хаким Булибеков осы жайында әйелі не ойлайтындығын да баяндаған деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: Instagram / volochkova_art

Сурет: Instagram / volochkova_art

Хаким Булибековтің сөзінше, атышулы балерина жанында тұрып шпагат жасаған кезде оны әйелі суретке түсіріп тұрған екен. Ақынның айтуынша, оның әйелі мен Волочкова құрбылар.

Булибеков әйелі оны Волочковамен таныстырған кезде балерина жаңалықтар сайтын қызықтыратын бірдеңе ойлап табуға ұсыныс тастағанын айтады. Хаким өз достарына бұның бәрі тек пиар үшін жасалғанын айтқан. Себебі өлеңдерінің бес жинағы жарыққа шыққаннан кейін ақынды ел ұмыта бастапты.

Хакимнің сөзінше, Волочкованың шпагатының арқасында ол екі күннен кейін қайта танымал болған.

Бұдан бөлек, ақын өзінің өлеңдері ұнаған жезөкшелерге туындыларын оқып та бергенін мойындады. Ол жеңіл жүрісті қыздарды "Қазақстан" қонақ үйінің маңынан кездестіріп, достарының өтініші бойынша оларға өлеңдерін оқып беріпті. Оның сөзінше, қыздардың бірі тіпті оған жақтырмаған кейіп танытқан.

Еске салайық, ресейлік балерина Анастасия Волочкова өзінің парақшасында қазақстандық ақынмен бірге түскен суретін жариялаған болатын. Кейін олардың сүйіскен сәтінен видео пайда болып, желіні шулатқан еді.

Осы ақпаратты көшіріп-басу тек "Время баспасы" ЖШС-нің рұқсатымен ғана жүзеге асады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
2
2
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel