RU
Түркістан облысында полиция көлігі жол апатына түсті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында полиция көлігі жол апатына түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында полиция көлігі жол апатына түсті. Оқыс жағдай кезінде зардап шеккен автокөлік жүргізушісі, ІІД-ға тиесілі темір тұлпарды тізгіндеген азаматтың жол ережесін өрескел бұзғандығын алға тартты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Полицей автокөлігінің қатысуымен тіркелген жол апаты төртінші шілде күні түнгі уақытта Громова көшесінде орын алған. Мұнда ІІД-дегі полиция бастығына тиесілі "JAC S5" және "Nexia" маркасындағы көлік соқтығысқан. Апат кезінде жеңіл көлікте бірнеше жолаушы болған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Көлікті соғып, бірден автокөлігіндегі мемлекеттік нөмірін шешіп алды. Ал мен 0007 нөмірін бірден байқадым. Жолдағы қозғалысқа мүлдем қарамайды, қолында телефоны бар. Жан-жағына қарамай бірден Нексияны келіп соқты", - дейді апат кезінде Nexia" көлігінде отырған жолаушы.

Куәгерлердің айтуынша, полиция көлігі ІІД басшылардың біріне тиесілі. ІІД баспасөз қызметі мәлімдеуінше, бұл жол көлік оқиғасы тіркеуге алынып, әкімшілік іс қозғалған.

Іс бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
2
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel