Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайға тұрмысқа шыққан қазақ қызының әкесі елге жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Жуырда Қытай азаматына тұрмысқа шыққан қыздың әкесі жұртшылыққа үндеу жолдады. Айтуынша, бұл жайттан соң оның отбасына қоқан-лоққы көрсеткендердің саны артып, тіпті "қызыңды өлтіріп таста" деген ұсыныс айтқандар болған деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қытайға тұрмысқа шыққан қыздың әкесі
Көрнекі сурет: kursiv.kz: UGC

Басылымның жазуынша, редакцияға қыздың әкесінің хаты келіп түскен. Онда ол қызының бұл қадамына бастапқыда қарсы болғанын, алайда кейіннен перзенті үшін батасын бергенін жазған.

"Мен қызымның ҚХР азаматына тұрмысқа шыққанына қатысты достарыма, туыстарыма, әріптестеріме, таныстарыма хат жолдап отырмын. Менің қызым 2012-2016 жылдар аралығында Мәскеудің РУДН-ді (Ресей халықтар достастығы университеті) қызыл дипломмен бітіріп, ІІІ дәрежелі диплом жобасын қорғап шықты. Қазақстанға келген соң ол Алматы Менеджмент университетінің магистратурасына түсті.
Лондон және Куала-Лумпур секілді қалаларда тағылымдамадан өткен. Университет қабырғасында жүріп, ол ҚХР азаматымен танысыпты. Екі жыл бойы олар оқып, магистр атанды. Осы уақыт ішінде олар бір-бірін ұнатып қалып, сөйлесе бастаған", - деп бастаған ол хатын.

Оның айтуынша, қызы ата-анасына тұрмысқа шыққысы келетінін айтып, олардың батасын сұраған.

"Ата-анасы ретінде басында қарсы болдық. Алайда екі жыл бойы олардың махаббаты берік екеніне көз жеткізіп, шаңырақ көтеруге деген ықыласын көріп, батамызды бердік. Біз кез келген ата-ана сияқты өз баламызға тек қана бақыт тілейміз. Бірақ келісе отырып, туыстар мен таныстардың да бізді сынайтынын түсіндім. Бірақ бөтен, танымайтын адамдар бізге тап беріп, әлеуметтік желі арқылы қоқан-лоққы көрсетеді деп күтпедім. Олар отбасы мүшелерінің жеке нөміріне хабарласып, түрлі сөздер айтты. Бұл біздің отбасымызға қоғам тарапынан көрсетілген қысым болды.

Менің алдымда екі жол тұрды: бірі - жастардың бақыты, екіншісі - отбасының ар-намысы. Мен қызымның бағына балта шаппайын деп шештім. Менің бастан кешкендерімді сезінбей жатып, ешкім мені түсінбейді деп ойлаймын", - деп жазған ол.

Қыздың әкесінің айтуынша, осы жылдың сәуір айында күйеужігіттің ата-анасы құда түсіп келген. Олар ҚХР азаматы, алайда 20 жылдан бері Қазақстанда тұрып, жұмыс істеген екен. Осылайша, қыздың ата-анасы Алматыда қазақтың барлық салт-дәстүріне сай етіп, ұзату тойын жасаған.

Әлеуметтік желілерге дәл осы той туралы ақпарат тарап кеткен соң, отбасы түрлі жайттарды бастан кешірген. Әкенің айтуынша, ең сорақысы, оған "қызыңды өлтіріп таста немесе бас тарт" деген ұсыныстар да келген.

"15 маусымнан бастап әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, WhatsApp, БАҚ) мен танитын және танымайтын жандар маған қоқан-лоққы көрсете бастады. Олар қорқытып, намысымызға тиетін сөздер айтып, бүкіл руыма дейін қарғап-сіледі.

Олар жеке суреттеріміз бен деректерімізді таратамыз деп қорқытты. Бір таңғалғаным, еліміздің кейбір өнер адамдары ұлтаралық араздыққа жол беріп, түрлі желілерде біздің отбасымыздың фотосуреттерін жариялауда. Осылайша, олар ұлтараздықтың ел арасында одан ары өршуіне жол беріп отыр", - деді отағасы.

"Біздің әрқайсымыз ата-анамыз немесе болашақта ата-ана боласыздар. Бәріміз ұл мен қыз тәрбиелеп отырмыз. Балаларыңыздың өмірі қандай болатынын білмейсіздер ғой. Бәріміздің тағдырымыз бір Алланың қолында. Кез келген ата-ана өз ұрпағының бақыты мен денсаулығы үшін қолынан келгенін жасайды деп ойлаймын. Мені сөкпеңіздер. Мен үшін бір Алла ғана төреші", - деп қорытындылады ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740834-kytajga-trmyska-sykkan-kazak-kyzyny-kesi-elge-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel