Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Жасыл өсу форумы өткізілуде

Опубликовано:

Астанада Astana Finance Days шеңберінде Жасыл өсу форумның/Green Energy & Waste Recycling Forum – GEWR’18 3-күні өтіп жатыр. Іс-шараның мақсаты – ТМД және ЕАЭО елдерінің «жасыл» экономикаға көшу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен, бизнеспен және жұртшылықпен ашық диалог өткізу.

Астанада Жасыл өсу форумы өткізілуде

Форумның қатысушылары жаңартылатын энергия көздері, әртүрлі қалдық түрлерін жинау, сұрыптау және өңдеуге арналған инновациялық технологияларды дамыту, «ақылды» қалаларда ТКШ жүйелерін цифрландыру, «ақылды» үйді басқарудағы жаңа технологиялар, инновациялық көлік жүйелері және басқалар сияқты осындай мәселелерді талқылады.

Астанада 2015 жылдан бастап энергия үнемдеу технологиялары мен материалдарын ұсынуға және ілгерілетуге арналған Энергия тиімділігі орталығы жұмыс істейтінін атап өткен жөн.

Астанада Жасыл өсу форумы өткізілуде

«ТКШ дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС («ТКШ Қазорталығы» АҚ еншілес ұйымы) бас директоры Айдар Махамбеттің айтуынша, Орталықты жылытуға арналған энергия тұтыну стандарттық үлгі тапсырмасымен салыстырғанда 30%-дан аспайды. Мұндай үнемдеу қабырғаларды барынша тиімді жылумен оқшаулау және күн, жел мен жер энергиясын қолдану есебінен қол жеткізіледі. Ғимаратты жылумен жабдықтау автономды, көз ретінде электр қазандықтары мен жылу сорғылары орнатылған. Бұдан басқа, аккумулятор-бактар орнатылды, олар жылыту қажеттіліктері үшін ғана емес, сонымен бірге жазғы кезеңде ғмиаратты салқындату үшін пайдаланылады. Электрмен жабдықтау қалалық электр желілерінен, авариялық дизель-генератордан, сондай-ақ күн панельдерінен жүзеге асырылады. Су құбырының қалалық желілері сумен жабдықтау көзі қызметін атқарады. Болашақта ағын сулардың көмегімен тазартылатын және аумақта санитариялық тораптар мен жас көшеттерді суару үшін қайтадан пайдаланылатын күкірт ағыстарынан тазартатын станцияны қосу жоспарланып отыр.

«Осыған ұқсас энергия тиімділігінің орталықтары біздің елдің экономикасының барлық салалары үшін энергия үнемдеудің озық тәсілдерін енгізуге қосымша қарқын бере алады. Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері нарығы ауқымды әлеуетке ие, іс жүзінде Қазақстанның барлық өңірлерінде ЖЭК қорлары бар. Оларды игеру орталықсыздандырыған энергия үнемдеуді, әсіресе оқшауланған және алыс орналастырылған елді мекендерді дамытуға, жалпы алғанда халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал жасайтын болады, шығындарды айтарлықтай төмендетеді және осы жағдайда энергияның қажетті көлемін алуға кепілдік береді», - деп атап өтті Айдар Махамбет.

Жасыл өсу форумы жыл сайын өткізіліп жүр және «жасыл» дамудың мәселелерін және ең өзекті экологиялық пролемаларды көтеруде. «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастық, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен «ERBA» Еуропалық-ресейлік бизнес қауымдастық және «Kaukointernational Kazakhstan» ұйымдастырушылары болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740847-astanada-zasyl-su-forumy-tkizilude/

pixel