RU
Мақпал Жүнісова өнердегі достарының бәрін желіде бұғаттап тастаған
Жаңалықтар Қоғам

Мақпал Жүнісова өнердегі достарының бәрін желіде бұғаттап тастаған

Рассказать Вконтакте

Instagram желісін белсенді түрде жүргізетін Мақпал Жүнісова өнердегі әріптестерінің парақшаларын бұғаттап тастағанын ашық айтты. Айтуынша, ол парақшасын оқымайтын әріптестерінің қатарында Қарақат да бар. Бұл туралы әнші "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова өнердегі достарының бәрін желіде бұғаттап тастаған

Фото: Gakku

Әншінің айтуынша, ол Instagram әлеуметтік желісінің белсенді қолданушысы болғанымен, өнердегі әріптестерінің жазғанын оқымайды. Себебі Мақпал оларды бұғаттап тастапты.

"Ешкімді оқымаймын. Өнер адамдарының бәрін өзімнен алып тастадым. Бірен-сараны ғана тұр. Сол кісілердің парақшасына кіріп оқысам, олар туралы неше түрлі сөздер жазса, соған көңіл күйім түсіп қалады. Бізде балағаттауға дайын тұратын адамдар көп екен ғой. Сондай нәрсені оқығым келмейді. Олар маған ренжиді. "Мәке, бізді блокқа қойып қойыпсыз", - деп бәрі ренжиді. Қарақат та, бәрі ренжиді маған. "Ой, қойыңдаршы, аман болыңдар, тілеулеспін" деймін", - деп ағынан жарылды әнші.

Сонымен бірге ол өзіне жазылған елдің түрлі пікіріне де жауап берді.

"Олардыкі критика емес. Сені балағаттай салады. "Сен әнші емессің","оңбағансың" деп жазды. "Неге сен шошқадай семізсің" деп жазады. Мен семіз емеспін. Негізі әп-әдемі, сүп-сүйкімді келіншекпін. Құдайға шүкір, өзімнің жасыма лайықты. Жүрегім жас, бетім оттай береді демекші", - деп әзілдеді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
1
0
1
52
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel