Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнімен талайлардың жүрегін жаулаған есімі ерекше шымкенттік жігіт кім? (фото)

Опубликовано:

Шымкентте Астана есімді жігіт те бар. Астана Қарғабай әуезді ән орындауымен ғана емес, ерекше атымен де танымал деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Астана Қарғабайдың есімі қалың жұртшылыққа 2015 жылғы "Х фактор" музыкалық жобасы арқылы таныс. Жас жігіт сол жылы жобаның жеңімпазы атанып, Шымкенттің атын барша Қазақстанға тағы бір мәрте шығарған еді.

Бір қызығы әнімен талайлардың жүрегін жаулаған әншінің есімі Астана болса да, ол Астананың туған күнінде дүниеге келмеген яғни оның есімі елорданың құрметіне қойылмаған екен.

Астана отбасымен. Фото: otyrar.kz
Астана отбасымен. Фото: otyrar.kz: UGC

Оның есімінің өз тарихы бар. Әкесінің айтуынша, Астананың атасының екі інісі соғысқа аттанып, кері қайтпаған. Солардың бірінің есімі Астана болған екен. Алпысбай Қарғабай (Астананың әкесі) ағасы сияқты батыр болсын деп баласының есімін Астана деп қойған.

10 жыл дегенде , ата-анасының тілеуімен дүниеге келген әнші бүгінде үшінші мегаполисте тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740875-nimen-talajlardy-zregin-zaulagan-esimi-erekse-symkenttik-zigit-kim-foto/

pixel